Пожалуйста, используйте этот идентификатор, чтобы цитировать или ссылаться на этот ресурс: http://hdl.handle.net/123456789/1072
Название: ОРДАБАСЫ ҚОЙ ТҰҚЫМЫ ШӘУІЛДІР ЗАУЫТТЫҚ ТИПІ ҚОЗЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ӨЛШЕМДЕРІ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ДИМОРФИЗМІ [Текст]
Авторы: Мұстияр, Т.Ә.
Ордабеков, А.
Паржанов, Ж.
Ключевые слова: қр
ғылыми журнал
мерзімдік басылым
отандық басылым
ордабасы қой тұқымы
шәуілдір зауыттық типі
қой шаруашылығы
Дата публикации: 2019
Издательство: Ғылым және білім №3
Краткий осмотр (реферат): Мақалада Ордабасы қой тұқымы шәуілдір зауыттық типі қозыларының дене өлшемдері және жыныстық диморфизмі көрсеткіштері келтірілген. Еркек жынысты қозылар дамудың барлық кезеңдерінде дене өлшемдері бойынша басымдылық көрсетті. Еркек қозылардың туған кезіндегі денесінің қиғаш ұзындығы 35,4 см болса, бұл көрсеткіш 30 күндігінде 16,8 см үлкейді, ал 60 күндігінде 26,8 см артты, 90 күндігінде 27,8 см, 120 күндігінде 30,2 см артты. Ұрғашы қозылардың туған кезіндегі денесінің қиғаш ұзындығы 32,9 см құраса, бұл көрсеткіш 30 күндігінде 16,6 см үлкейді, ал 60 күндігінде 28,4 см артты, 90 күндігінде 29,8 см, 120 күндігінде 31,6 см артты. Қозылардың дене өлшемдері бойынша жыныстық диморфизмінің жоғары көрсеткіші: дененің қиғаш өлшемі - 0,6-2,5 см, кеуде орамы - 0,9-3,2 см, иық биіктігі -0,9-1,7 см, құйымшақ биіктігі - 0,6-1,9 см байқалды. Қойдың биологиялық белгілері бойынша жыныстық диморфизмнің көрсеткіштерінің қалыптасуы табиғи және қолдан іріктеу механизмдерінің ықпалынан іске асады. Осыған байланысты, әр жыныстағы малдарға қойлатын іріктеу талаптар теңестірілмейінше, жыныстық белгілер параметріндегі диморфизм сақталып қала береді. Егерде ұрғашы малдар белгілеріне қойылатын іріктеу параметрлерінің деңгейін жоғарылатса, келешекте жыныстық диморфизм айырмашылықтары біртіндеп жақындайды. Жыныстық диморфизм тек қана көбею амалы емес, эволюциялық процестің көптеген механизмдерінің бірі болып саналады. Қозылардың дене өлшемдері бойынша жыныстық диморфизмінің жоғары көрсеткіші: дененің қиғаш өлшемі - 0,6 - 2,5 см, кеуде орамы - 0,9-3,2 см, иық биіктігі - 0,9-1,7 см, құйымшақ биіктігі - 0,6- 1,9 см байқалды.
URI (Унифицированный идентификатор ресурса): http://hdl.handle.net/123456789/1072
ISSN: 2305-9397
Располагается в коллекциях:Статьи

Файлы этого ресурса:
Файл Описание РазмерФормат 
22.pdf263,25 kBpdfПросмотреть/Открыть


Все ресурсы в архиве электронных ресурсов защищены авторским правом, все права сохранены.