Пожалуйста, используйте этот идентификатор, чтобы цитировать или ссылаться на этот ресурс:
http://hdl.handle.net/123456789/1333
Название: | Оңтүстік қазақ мериносы желілік малдарының ұрпақ өнімділігі |
Авторы: | Абдрахманов, Қ. Қ. Есқара, М. Ә. Мырзақұлов, A. Досболат, Ж. Б. |
Ключевые слова: | қой шаруашылығы - қр биязы жүнді қой шаруашылығы қазақ мериносы волгоград қой тұқымы жүн түсімі жүн ұзындығы таза жүн шығымы |
Дата публикации: | 2020 |
Издательство: | Ғылым және білім №1 |
Краткий осмотр (реферат): | Мақалада биязы жүнді оңтүстік қазақ мериносы желілік малдарының ұрпақтарының өнімділік көрсеткіштері келтірілген. Желілік малдардың төлдері тірілей салмақтары бойынша өздерінің шаруашылық жағдайындағы қатарластарынан асып түседі. Жаңа туған еркек қозылардың орташа тірі салмағы 5,37-5,56 кг шегінде, ал ұрғашы қозылар 4,94-5,1 кг аралығында ауытқиды және будан малдар жергілікті шаруашылық жағдайындағы төлдерден еркектері 0,7-0,9 кг, ұрғашылары 0,5 - 0,7 кг-ға артық. Енесімен бірге кезеңіндегі қозылар жақсы өсіп, қарқынды дамиды және қозы бөлім уақытында (4,0-4,5 ай) еркек тоқтылардың тірілей салмағы 37,8-39,7 кг, ал ұрғашыларда 34,9-35,2 кг құрады. І және ІІ желі ұрпақтарының өз қатарластарынан басымдылығы еркек тоқтыларда 0,7 кг немесе 2,5%; 0,9 кг немесе 2,6% ал ұрғашыларда тиісінше: 0,5 кг; 2,1%: 0,6 кг, 2,2%. Жуылған жүн шығымы бойынша І және ІІ желідегі ұрпақтарының көрсеткіштерінің басымдылығы еркек тоқтыларда 0,6 кг немесе 1,06%: 0,3 кг немесе 0,9% ал ұрғашы тоқтыларда бұл көрсеткіштер тиісінше: 0,6 кг; 0,7%: 0,3 кг; 0,6% -ды құрады. Бұл басымдылықтар өсіп-дамудың келесі мезгілдерінде де байқалады. Әр түрлі топографиялық бөліктеріндегі талшық ұзындығын өлшеу көрсеткендей, желілік тоқтылардың бүйіріндегі ұзындығы 9,5-9,8 см аралығында және өздерінің шаруашылық жағдайындағы қатарластарынан 0,3-0,5 см-ге артық . |
URI (Унифицированный идентификатор ресурса): | http://hdl.handle.net/123456789/1333 |
ISSN: | 2305-9397 |
Располагается в коллекциях: | Статьи |
Файлы этого ресурса:
Файл | Описание | Размер | Формат | |
---|---|---|---|---|
7.pdf | 212,13 kB | Просмотреть/Открыть |
Все ресурсы в архиве электронных ресурсов защищены авторским правом, все права сохранены.