Пожалуйста, используйте этот идентификатор, чтобы цитировать или ссылаться на этот ресурс: http://hdl.handle.net/123456789/2262
Название: Жайылымдарды пайдалану тәсілдерін зерттеу
Авторы: Насиев, Б. Н.
Беккалиева, А. К.
Жанаталапов, Н. Ж.
Беккалиев, А. К.
Ключевые слова: ғылыми журнал
мерзімдік басылым
отандық басылым
журнал коксон
жайылым
жайылымдарды пайдалану
бқо
Дата публикации: 2022
Издательство: Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education № 1-2 (66)
Краткий осмотр (реферат): Батыс Қазақстандағы жайылымдық ресурстарды басқару процесі жүйесіз жайылымның нәтижесінде деградация мен шөлейттену процесінің көрінісімен өсімдік жамылғысының нашарлауымен күрделенеді. Мақалада фитомасса көрсеткіштерін сақтау және жайылымдарды пайдалану тиімділігін арттыру үшін айдамалы жайылымдары пайдалану арқылы маусымдық жайылымдардың ұйымдастырылуын зерттеу нәтижелері көрсетілген. Зерттеулер айдамалы жайылымдарды пайдалана отырып, жайылымдарды басқарудың маусымдық ұйымдастырылуының тиімділігін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Жаз мезгілінде маусымдық жайылымдарда Kochia prostrata, Agropyron desertorum, Festuca valesiaca, Leymus ramosus, Koeleria cristata бағалы жайылым өсімдіктерінің саны мен пайда болуы байқалды. Айдамалы шалғайдағы құмды жайылымда әр түрлі экономикалық және ботаникалық топтағы өсімдіктердің 23 түрі анықталды, құмдардың табиғи жағдайына байланысты фитоценоздағы жемшөп қатынасында бағалы өсімдіктердің пайда болуы жоғары деңгейде болды. Жаздың ортасына қарай, маусымдық және айдамалы жайылым жағдайында, шөп өкілдерінің жойылуына қарамастан, жасыл фитомассаның шығымы 8,09-10,25 ц/га жоғары шекте болды, бұл жүйесіз пайдаланылатын жайылымдардың түсімділігіне қарағанда 4,28-6.44 ц/га жоғары. Бұл жұмыста, жайылым ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру үшін, зерттеудің ғылыми жаңалығы болып табылатын, жайылым айналымына шалғайдағы айдамалы жайылымдарды қосу арқылы маусымдық жайылымдарды пайдаланудың маңызы артады деген қорытынды жасалынды.
URI (Унифицированный идентификатор ресурса): http://hdl.handle.net/123456789/2262
ISSN: 2305-9397
Располагается в коллекциях:Статьи

Файлы этого ресурса:
Файл Описание РазмерФормат 
119-126.pdf258,32 kBpdfПросмотреть/Открыть


Все ресурсы в архиве электронных ресурсов защищены авторским правом, все права сохранены.