Пожалуйста, используйте этот идентификатор, чтобы цитировать или ссылаться на этот ресурс: http://hdl.handle.net/123456789/2583
Название: Ромб тәрізді жыртуға арналған ауылшаруашылық құралдарының ерекшеліктері
Авторы: Галиев, М. С.
Нуралин, Б. Н.
Олейников, С. В.
Ключевые слова: ғылыми журнал
отандық басылым
конференции
жыртуға арналған техника
топырақты өңдеу
ауыл шаруашылық техникасы
ромб жырту техникасы
Дата публикации: 2023
Издательство: Ғылым, зерттеулер, білім беру: даму үрдістері: ХХІІІ халықаралық ғылыми-практ. конф. материалдары=Science, research, education: development trends: The materials of the XXIII international scientific and practical conf. =Наука, исследования, образование: тенденции развития: мат. ХХІІІ междунар. науч.-практ. конф. (Уральск, 14 апреля 2023 г.) / ЗКАТУ им. Жангир хана // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2023. - № 2 (71) : қосымша № 2.
Краткий осмотр (реферат): Топырақ - жердің құнарлылығын сипаттайтын ерекше табиғи дене. Қатты бөлшектерден, топырақ суынан, тірі организмдерден және ауадан тұрады. Көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі ретінде қызмет етеді, олардың әрқайсысы оны өз позицияларынан зерттейді. Ауылшаруашылық механикасында топырақты өңдеу объектісі ретінде қарастырған жөн. Өндірістің кез-келген басқа саласы сияқты, егіншілікте де топырақ өңдейтін машиналар мен тракторлар жасауға, әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарының прогрессивті агротехникасын топырақтың физикалық-механикалық және технологиялық қасиеттерін жүйелі түрде зерттемей тұрып жасауға болмайды. Оның қасиеттерінің әртүрлілігі топырақ өңдеу құралдарын зерттеу мен сынауда белгілі бір қиындықтар туғызады, сондықтан құрал-сайманның немесе машинаның нәтижелерін бағалау кезінде де, оларды теориялық жалпылау кезінде де қажетті негіздерді білу өте маңызды. Сондай-ақ, жаңа жұмыс органдарын жобалау кезінде олар қолданатын топырақтың көптеген ерекшеліктерін ескеру қажет болады. Жіктеу үшін ең тұрақты топырақ сипаттамалары - генетикалық түрі және механикалық құрамы болып табылады. Ылғалдылық физикалық фактор ретінде топырақтың механикалық қасиеттерін күрт өзгерте алады. Топырақтың ылғалдылығы тракторлардың жүріп өтуі мен тарту қасиеттеріне, энергия шығыны мен жасалатын дала жұмыстарының сапасына әсер етеді. Ылғалдылыққа байланысты өзгереді: жұмыс органдарының әсерінен топырақтың құлау қабілеті, машиналардың жұмыс органдары мен топырақтың арасында пайда болатын үйкеліс күштерінің мөлшері, осы жұмыс органдарының топырақпен жабысып қалу ықтималдығы. Мақала жаңа жұмыс органдарын қолдану арқылы негізгі өңдеу кезінде тарту кедергісін азайту бойынша зерттеулерге арналған.
URI (Унифицированный идентификатор ресурса): http://hdl.handle.net/123456789/2583
Располагается в коллекциях:Материалы конференции

Файлы этого ресурса:
Файл Описание РазмерФормат 
НиО 2023 №2-2 (71)_490-498.pdf1,94 MBpdfПросмотреть/Открыть


Все ресурсы в архиве электронных ресурсов защищены авторским правом, все права сохранены.