Пожалуйста, используйте этот идентификатор, чтобы цитировать или ссылаться на этот ресурс: http://hdl.handle.net/123456789/3034
Название: Көбікбетон өндіру үшін көбіктендіргіш алу мақсатында құрамында коллаген бар шикізат гидролизі
Авторы: Рыскалиев, М. Ж.
Аманжолов, А. С.
Жулиев, Т. Е.
Абибеков, Е. Е.
Ключевые слова: отандық басылым
коллагенді шикізат
ғылыми журнал
мерзімдік басылым
құралыс материалдары
көбікбетон
Дата публикации: 2018
Издательство: Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2018. - № 4 (53). - Б. 354-358
Краткий осмотр (реферат): Көбікбетондар үшін коллаген көбіктендіргішін алу технологиясы туралы мәліметтер келтіріледі. Коллаген көбіктендіргішінің физика-химиялық сипаттамалары зерттелді. Ол өзінің сипаттамалары бойынша кератинді көбіктендіргіштен кем емес. Коллагенді көбіктендіргіш негізіндегі көбікбетондардың құрамдары және оның негізгі физика-механикалық қасиеттері келтіріледі. Қазіргі заманғы тұжырымдамаларға сәйкес, адсорбция қабатындағы ақуыз молекулалары ақуыздың түріне, ортаның рН мәніне және басқа да факторларға байланысты жеке бөлімдерде ашыла алады. Ұзын ақуыз молекуласының аралық қалыпта орналасқаны, толық бүктелмеген немесе ашылмаған болуы мүмкін деп саналады. Бірнеше қабат қалыптастыру адсорбция кезінде мүмкін болғандықтан, адсорбциялық қабыршақтар анықталмаған нативті молекулаларды ұстай алады. Бұл жағдайлар синтетикалық беттік белсенді заттарға қарағанда ақуыз ерітінділерінен жасалған көбіктің, практикадан белгілі факт, жоғары төзімділікке ие екенің түсіндіреді. Коллагенді көбіктендіргіш ерітінділерінен көбіктің тұрақтылығы мен көбіктендіргіш қабілетін зерттеу (көбік 0,6 МПа сығылған ауаның қысымын қамтамасыз ететін көбік генераторында алынды) 9-13 тең оңтайлы еселікті көбіктендіргіштердің 2-3% шоғырлануын қамтамасыз ететінін көрсетті. Оптимальді критерий ретінде синерезис шамасы қабылданды, яғни көбіктендіргіш ерітіндісінен көбік түзілгеннен кейін 50% сұйықтықтың өту уақыты. Біздің эксперименттер көрсеткендей, синерезис уақыты беттік белсенді заттардың ерітіндісінің концентрациясына және тұрақтандырғыш қоспаның түріне байланысты 110-210 минутты құрайтынын көрсетті (тұрақтандырушы қоспа ретінде полиокс түріндегі жоғары молекулалық қосылыстар қолданылды). Жоғары молекулалы полимерлермен тұрақтандырылған коллагендік гидролизат (көбіктендіргіш) негізіндегі көбіктің жоғары тұрақтылығы, көбіктендіргіштің аналық ерітіндісі мен тұрақтандырғыш қоспалардың қажетті мөлшерде бірлескен адсорбциямен түсіндіріледі, ол үлкен тереңдікке құрылым жасауды және ББЗ пленкасында сұйықтықтың үлкен массасын сақтауды қамтамасыз етеді.
URI (Унифицированный идентификатор ресурса): http://hdl.handle.net/123456789/3034
ISSN: 2325-9397
Располагается в коллекциях:Статьи

Файлы этого ресурса:
Файл Описание РазмерФормат 
6069.pdf644,13 kBpdfПросмотреть/Открыть


Все ресурсы в архиве электронных ресурсов защищены авторским правом, все права сохранены.